Выберите язык

Государственное коммунальное казенное предприятие "Колледж № 13" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

№13 колледжде «Қыздар кеңесі» өтті

№13 колледжде студент қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әдептілік пен мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 🌸 «Қыздар кеңесі» ұйымдастырылды.
Іс-шараға №13 колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Мамбетов, педагог-психолог А. Майлыбаева, Келес АПБ ҚҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Есенкулова Эльмира Қанатқызы, топ жетекшілері және колледждің студент қыздары қатысты.
🌷 Кездесу барысында қыз баланың қоғамдағы орны, адамгершілік құндылықтар, әдептілік пен мәдени қарым-қатынас, жеке жауапкершілік және құқықтық сауаттылық мәселелері кеңінен талқыланды. Студент қыздарға өз құқықтары мен міндеттерін білу, түрлі жағдайларда қауіпсіздік талаптарын сақтау және саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кеңес барысында жастар арасында өзекті болып отырған хиджаб кию мәселесіне де арнайы тоқталып өтілді. Қолданыстағы заңнама талаптары, білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ студенттердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Педагог-психолог тарапынан қыз балалардың психологиялық әл-ауқаты, өзіне деген сенімділігі, қарым-қатынас мәдениеті және өмірлік қиындықтарды дұрыс еңсеру жолдары бойынша пайдалы кеңестер берілді.
💐 «Қыздар кеңесі» – студент қыздардың өзекті мәселелерін ашық талқылап, құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан сауатты шешім қабылдауына ықпал ететін маңызды алаң. Осындай кездесулер жастардың жауапкершілігін арттырып, олардың қауіпсіз әрі саналы ортада қалыптасуына мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында студент қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар мен қажетті кеңестер алды.
🌷Кездесудің негізгі мақсаты – қыздардың әдептілік мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық дамуына қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдағы жауапкершілігін арттыру.