Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» – БОЛАШАҚ МАМАНҒА БАҒЫТ!

🔹№13 колледж студенттері таңдаған мамандықтары бойынша нақты өндірістік процестермен, еңбек жағдайларымен және жұмыс берушілердің талаптарымен танысты.
🔹Осы бағыттағы жұмыстар «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында колледжіміздің 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 3W07161601 Жөндеуші-слесарь 3W07161602 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі мамандығының 1 курс студенттері ЖҚ «НҰРЖАН» өндіріс орнына экскурсия жасады. 🚜
🔹Болашақ мамандар жұмыс берушілердің кәсіби біліктілікке, практикалық дағдыларға, жауапкершілік пен еңбек тәртібіне қоятын талаптары жөнінде маңызды ақпарат алды.
Осындай өндірістік кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындап, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және еңбек нарығына бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.